Ай сайын 2 млн адамға вакцина салу қажет

895

Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты.  

Ай сайын 2 млн адамға вакцина салу қажет

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, вакцина салу кестесі тиісінше сақталуы керек, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"Вакцина салу кестесі нақты сақталсын және сәуір айында, сондай-ақ мамыр, маусым айларында жоспар бойынша ай сайын 2 млн адамды вакцинациялау қамтамасыз етілсін. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге қоғамдық орындарды, соның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырамын", – деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ақпарат министрлігіне 
және әкімдіктерге халыққа вакцианциялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізуді жалғастыруды тапсырды. 

"Қоғам тек санитарлық нормарларды сақтау және вакцинациялау ғана пандемияның таралуын тоқтатып, экономиканың өсуін қамтамасыз ете алатынын түсінуі керек", – деді Асқар Мамин. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу