"Ай сайын 2 еселенген жалақы": Мектептің бас есепшісі 18 млн теңгені жымқырған

107

Мақаншы ауданының прокуратурасы Қарабұтақ орта мектебінде бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады.  

"Ай сайын 2 еселенген жалақы": Мектептің бас есепшісі 18 млн теңгені жымқырған Фото: gor-c.ru

Абай облысында мектептің есепшісі өзіне екі еселенген жалақы алып отырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокуратура мәліметінше, ол мектепте жұмыс істемейтін күйеуін де заңсыз түрде жалақы аударған.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 18 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған. Аудан прокуратурасы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта келтірілген залал ішінара өтелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу