"Айбалта-2022" оқу-жаттығуының қорытындысы шықты

604

Аталмыш командалық-штабтық оқу-жаттығуы Қарулы Күштер Бас штабының бірыңғай жоспарына сәйкес республиканың барлық өңірінде өткен болатын.  

"Айбалта-2022" оқу-жаттығуының қорытындысы шықты Фото: dknews.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қатысуымен өткен кеңесте осы жылдың тамыз-қазан айларындағы "Айбалта-2022" стратегиялық оқу-жаттығуының негізгі қорытындылары талқыланды, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, бірінші кезеңде күштік құрылымдардың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы ұйымдастырылды. Сонымен қатар запастағы әскери қызметшілер шақырылып, жұмылдыру оқу-жаттығулары өткізілген. Стратегиялық оқу-жаттығудың келесі кезеңі Қарулы күштердің құрамалары мен бөлімдері оңтүстік, шығыс, батыс және орталық аймақтарда көзделген жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындауға арналды. Соңғы кезеңде бірқатар жедел-тактикалық, тактикалық, ұшу-тактикалық, тактикалық-арнайы және арнайы оқу-жаттығулар өткізілген еді. 

Бұдан бөлек ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттерін жасақтау арқылы "Өзара іс-қимыл" командалық-штабтық оқу-жаттығуы, барлау күштері мен құралдарының "Іздеу" және әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ететін "Эшелон" арнайы оқу-жаттығуы өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу