Айболат Әбенов "Аграрлық несие корпорациясына" басшылыққа келді

703

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқармасының шешімімен Айболат Әбенов "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (АНК) Басқарма төрағасы болып сайланды.

Айболат Әбенов "Аграрлық несие корпорациясына" басшылыққа келді

Бұған дейін ол корпорацияның басқарушы директоры - Басқарма мүшесі лауазымын атқарған.

Айболат Әбенов Мәскеу халық шаруашылығы институтын экономист-өндіріс менеджері мамандығы бойынша бітірген. 19 жыл қаржы секторында орталық және өңірлік деңгейдегі түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар.

Сондай-ақ, "Бәйтерек" ҰБХ" басқармасының шешімімен Бағлан Құлтаев тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын қызметінен босатылды.

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ауылда бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын кредит берудің қолжетімді жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Корпорация "Бәйтерек" холдингі компаниялар тобының құрамына кіреді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша АНК таза пайдасы шамамен 20 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу