Айда көлік айдаған үш адамның бірі өмірден озды

1020

Айда көлік айдаған үш адамның бірі өмірден озды

87 жасында танымал ғарышкер Джон Янг қайтыс болды. Бұл ақпаратты АҚШ-тың ұлттық ғарыш агенттігі таратты, деп хабарлайды Today.kz. 

"Джон Янгтың қазасы қабырғамызды қайыстырды. Ол 87-де еді. Айға екі рет ұшып, айды аяғымен басқан адам. Ол бірінші "Шаттл" кемесінің бортында болды", - деп жазды NASA Twitter желісіндегі парақшасында. 

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш ғарышкердің қазасына байланысты көңіл айтты.

Джон Янг - Айға қонған тоғызыншы ғарышкер. Ол айдың үстімен ай көлігін айдаған үш адамның біреуі. Сондай-ақ Джон ашық ғарышқа алты рет шыққан алғашқы адам. 

Джон Янг жан-жақты әрі ең жарқын ғарышкер ретінде тарихта қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу