Қожаназаров: Үкіметке екінші мүмкіндік береміз – 6 ай

642

Ол ведомстволардың тартыншақтығын сынап өтті. 

Қожаназаров: Үкіметке екінші мүмкіндік береміз – 6 ай Фото: kapital.kz

Respublica партиясының көшбасшысы Айдарбек Қожаназаров Премьер-Министр кандидатурасына дауыс беру кезіндегі фракция ұстанымын түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Үкіметке мүмкіндік беріп, алдына қойылған міндетті қалай жүзеге асыратынын қарау керек деген пікір білдірді, Respublica партиясының көшбасшысы.

"Біздің министрліктер қандай да бір түзетулер енгізу үшін Президенттің Жолдауына сол түзетулерді енгізуге тырысады. Содан кейін ғана нақты іс-қимыл басталады", - деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар, партия көшбасшысы Үкімет басшысы лауазымына өз кандидаттарын ұсынуға қатысты сауалға жауап берді.

"Біз екі айдың ішінде Үкіметтің алдына қойылған сын-тегеуіріндерге жауап бере аларлықтай кадрлық резерв жасақтайтын жағдайда емеспіз. Үкіметке екінші мүмкіндік береміз – 6 ай. Егер, Үкімет сол баяғы тиімсіз әрі икемсіз болып қала бергенін көрсек, онда өзіміздің кадрлық резервтен адамдарды ілгерілететін боламыз", - деп атап өтті Айдарбек Қожаназаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу