banner

Депутат Айдос Сарым басқа комитетке ауысты

820

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарға ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Депутат Айдос Сарым басқа комитетке ауысты

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Айдос Сарымды әлеуметтік мәдени даму комитетінен халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысу мәселесі қаралды.

"Парламент комитеттерімен, комиссиялары туралы" заңның 7-бабына сәйкес мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әлеуметтік мәдени даму комитетінен халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысу туралы өтініші келіп түсті. Осыған байланысты мәжіліс депутаты Айдос Сарымның аталған өтінішін қанағаттандыруды ұсынамын", - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, депутат Айгүл Құспан.

Депутаттар ұсынысты қолдап, дауыс берді.

Кейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарға ескерту жасады. 

"Әріптестер, бір комитеттен бір комитетке ауысуды тоқтатайық. Солай ма? Айдос Сарыммен тоқтайық", - деді мәжіліс төрағасы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу