Әйелдер ипотекасына қаржы бөлінді

10 мамырдан бастап "Отбасы банкі" "Ұмай" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастайды. 

Әйелдер ипотекасына қаржы бөлінді Фото: dauletten.kz

Биыл гендерлік өнімді несиелендіруге 15,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатты Азия даму банкі үшінші транш аясында бөліп отыр.  Дәл онымен бірге "Отбасы банкі" бірлескен жоба – "Ұмай" бағдарламасын жүзеге асыруда.

"Ұмай" тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Географиялық шектеу жоқ, яғни пәтерді Қазақстанның кез-келген қаласынан несиеге рәсімдеуге рұқсат беріледі

Жоба 2021 жылы іске қосылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу