Әйелдер көшбасшылығы мектебіне қабылдау 15 тамызға дейін жүргізіледі

1340

Белсенді әйелдердің электрондық деректер базасын әзірлеу жоспарлануда, оларды қоғамдық-саяси салада ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Әйелдер көшбасшылығы мектебіне қабылдау 15 тамызға дейін жүргізіледі

Елордада әйелдер көшбасшылығы мектебіне оқуға қабылдау жүріп жатыр, тіркеу 15 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің сайты.

Нұр-Сұлтандағы әйелдер көшбасшылығы мектебінің ашылуы Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту мемлекеттік саясатының тұжырымдамасын, елдегі гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру бағыттарының бірі болып табылады.

Оны құрудың басты мақсаттарының бірі гендерлік кемсітуді болдырмау. Мектептің алдағы жоспарларында – 4 отырыс өткізу, онда спикерлер ретінде еңбек сіңірген педагог Рысты Жұмабекова мен психолог Наталья Семененко сөз сөйлейді. Сондай-ақ, мектеп оқушыларын әйелдердің көшбасшылық қабілетін, сонымен қатар өз құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыруда білім мен дағдылардың әлеуетін арттыруға арналған акциялар өткізуді күтеді.

Кейінірек белсенді әйелдердің электрондық деректер базасын әзірлеу жоспарлануда, оларды қоғамдық-саяси салада ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу