Әйелдердің 61 жаста зейнетке шығуына мүмкіндік беретін заң жобасы мақұлданды

817

2028 жылға дейін әйелдер 61 жаста зейнетке шығады.  

Әйелдердің 61 жаста зейнетке шығуына мүмкіндік беретін заң жобасы мақұлданды Фото: zakon.kz

Мәжіліс Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділдікті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру үшін бірқатар өзгерістерді мақұлдады, - деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Онда зейнеткерлікке қатысты мынадай өзгерістер енгізілді:

1) ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70%-ға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу;

2) әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіп беру;

3) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенгенге дейін ұлғайту;

Әлеуметтеттік төлемдер  бойынша да өзгеріс енгізу көзделген. Оған сәйкес, ең төмен жалақының өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдер мөлшерін азайтуды болдырмау мақсатында еңбекке қабілеттілігінен айырылған, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемнен шегерім мөлшерін ең төмен жалақы мөлшерінен 55-тен  50 пайызға дейін азайту, сондай-ақ жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді есептеу үшін ауыстыру коэффициентін (0,4-тен 0,45-ке дейін) түзету қарастырылған;

Бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайту да заңмен бекітілді.

Заң жобасы мақұлданып, Сенат қарауына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу