Әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыруды тоқтатуға қанша ақша керек?

896

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыруды 2028 жылға дейін тоқтату кезінде 800 млрд теңге қаржы жұмсалады. 

Әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыруды тоқтатуға қанша ақша керек?

 Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Алдын ала есептеулерге сәйкес, 2023-2027 жыл аралығында 800 млрд теңгеге жуық болады", – деді қаржы министрі.

Айта кету керек, елімізде әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас болып қалған болатын. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу