Әйелдің мойнынан алтын алқаны жұлып алған ер адам ұсталды

785

Астанада 42 жастағы әйелге шабуыл кешкі уақытта Абылай хан даңғылының бойында болған. Қаскүнем оның артынан байқатпай келіп, зергерлік бұйымды жұлып алып, қашып кеткен.

Әйелдің мойнынан алтын алқаны жұлып алған ер адам ұсталды

Күдіктінің қашып бара жатқан сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп жазады inbusiness.kz ІІМ ақпаратына сүйеніп. 

Полицейлер 33 жастағы ер адамды ұстады. Құны 400 мың теңге тұратын алтын алқа ломбардтан тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

"Тонау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу