Әйелін ақ аюдың шабуылынан қорғамақ болған ер адам ауыр жарақат алды

177

Оқиға Канадада 3 желтоқсан күні таңертең болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Әйелін ақ аюдың шабуылынан қорғамақ болған ер адам ауыр жарақат алды Фото: Global Look Press

CBS мәліметтері бойынша, ерлі-зайыптылар иттерін іздеу үшін таңғы 5-те көшеге шыққан. Алайда, жол жиегінен аюды кездестірген, жыртқыш бірден әйелге тап берген.

"Ер адам сүйіктісін қорғау үшін, аюға қарсы тұрған. Қазір ол аяғы мен қолынан алған ауыр жарақаттарын емдеуде", — делінген жергілікті полиция қызметі мәлімдемесінде.

Сырттағы айғай-шуды канадалық жұптың көршісі естіп, аюды мылтықпен бірнеше рет атқан. Осылайша аң орманға қашып кетті. Кейінірек полиция аюдың алған жарақаттарынан қайтыс болғанын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу