Әйгілі "Париж-Рубе" веложарысы биыл өтпейтін болды

497

Бұған дейін "Париж-Рубе" веложарысы бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғана өткізілмеген.   

Әйгілі "Париж-Рубе" веложарысы биыл өтпейтін болды

Велоспорттан әлемге әйгілі "Париж-Рубе" біркүндік веложарысы Франциядағы карантин шарасына байланысты өтпейтін болды. Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар хабарлаған, деп жазады Оlympic.kz.

Алғашында велодода 12 сәуір күні өтуге тиіс болған. Алайда коронавирустың асқынуына байланысты турнир күзге ауыстырылды. Кейін жарыс 25 қазанда өтеді деп хабарланғанымен, бүгін турнирдің биыл ұйымдастырылмайтыны анықталды. 

"Париж-Рубе" біркүндік веложарысы әлемдегі ескі әрі техникалық тұрғыдан қиын дода саналады. Биыл дода 118-ші рет өтуге тиіс болатын. Аталған турнир ең алғаш рет 1896 жылы ұйымдастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу