Әйгілі "Семей ет зауыты" сатып алған "Семейцемент" инвестор іздестіріп жатыр

245

Кеңес заманында атағы жер жаратын "Семей ет зауыты" соңғы жылдары қаңырап, тоқтап тұр. Оның қазіргі жағдайы туралы анықтап білдік.

Әйгілі "Семей ет зауыты" сатып алған "Семейцемент" инвестор іздестіріп жатыр Фото: видео скриншот

"Семей ет зауытын" жақында "Семейцемент" банктен сатып алып, оны жаңартуға 500-700 млн теңге құйған, енді оны іске қосуға инвесторлар іздестіріліп жатыр, бірінші болып қытайлықтар қызығушылық танытып, кәсіпорынның жай-күйімен танысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біздің компания барынша дамып жатыр. Құрылыс компаниясы ретінде қазір бізге керекті дүниенің бәрі бар, техника жаңартылған, ендігі мақсат — жалпы облысқа инвестиция тарту. "Семейцемент" біздің аймақтағы ең ірі кәсіпорындардың бірі — инвестрорлар қызығушылығын тудыратын дайын күйдегі инфрақұрылым да жеткілікті. Біз жақында жылдар бойы тұрақтап қалған "Семей ет зауытын" сатып алдық, оны қайта іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырып, инвестор іздестіріп жатырмыз", — деді "Семей цемент зауытының" директоры Тимур Тілеубаев.

Бірінші болып кәсіпорынға қызығушылық танытқан қытайлықтар болды. Олар мұнда тауық етін қайта өндейтін зауытты іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр. 

"Инвесторларға зауытты көрсетпес бұрын біраз жаңарту жұмыстары жүргізілді. Өз қаражатымызбен ішіндегі цех пен тоңазытқыштарды іске қостық, оған 500-700 млн теңге жұмсадық. Қалған жаңартуға енді инвестор керек. Жалпы 4-5 млрд теңгедей инвестиция керек деп болжап отырмыз. Жақында Қытайдан кәсіпкерлер келіп, ет зауытын тауық етін қайта өндіру бойынша әлеуетін өз көздерімен қарап кеткен", —деді Тимур Тілеубаев.

Семей қаласындағы ет комбинаты Кеңес Одағындағы ең ірі зауыттардың бірі болды. Ол шығарылатын өнімнің көлемі бойынша үшінші орында тұрды.

Ет консервілерінен басқа, зауытта дәрі-дәрмектер шығарылды — тағамдық альбумин, гематоген, инсулин мен кетгут.

Кәсіпорында 10 мыңнан астам адам жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу