"Айқайлап" тұратын атауынан басқа түгі жоқ: Президент жалған қоғамдық ұйымдар туралы

554

Мұндай ұйымдар азаматтар мүддесін қорғау үшін емес, басқа пиғылда құрылғаны анық. 

"Айқайлап" тұратын атауынан басқа түгі жоқ: Президент жалған қоғамдық ұйымдар туралы Фото: Ақорда

Халық Кеңесі қоғамға ұйытқы болуға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маған бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктің тек қағаз жүзінде тіркелгені, шын мәнінде, "айқайлап" тұратын атауларынан басқа түгі жоқ, жалған құрылымдар екені баяндалды. Мұндай ұйымдар азаматтар мүддесін қорғау үшін емес, басқа пиғылда, берісін айтсақ, мансапқорлық мақсатта құрылғаны анық. Бұл кейбір жағдайда алаяқтыққа дейін жетті. Оған жол беруге болмайды. Сондықтан мұндай фактілер құқық қорғау органдарының назарына жолданады. Тек мемлекеттік тапсырысты игеру мақсатында құрылған "қызмет көрсету" ұйымдарының жұмысына тосқауыл қою қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, Халық Кеңесі қоғамға ұйытқы болуға тиіс.
 
"Елімізде көптеген консультативтік-кеңесші орган бар, алайда басым бөлігінің қызметі шашыраңқы, бір-бірін қайталайды. Олардың жұмысын үйлестіріп, сараптамалық әлеуетін біріктіру және келіп түскен ұсыныстарды жүйелеу Халық Кеңесіне жүктеледі", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу