Хиджаб киетін оқушылар шетел мектептерінде онлайн оқып жатыр – Асхат Аймағамбетов

713

"Қазір мектепке бармайтын балалар не істеп жатыр? Мысалы, ол балалар "шетелде оқимыз" деп мектептен құжаттарын алып кетеді. Бірақ шын мәнінде олар Қазақстанның шекарасын асып, ешқайда бармайды". 

Хиджаб киетін оқушылар шетел мектептерінде онлайн оқып жатыр – Асхат Аймағамбетов

Бұл – Мәжіліс кулуарында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің журналистерге айтқаны.

Яғни оның сөзіне қарағанда, елімізде онлайн білім болмағандықтан, хиджаб киетін оқушылар көрші мемлекеттердің онлайн-мектептерінде оқып жатыр. Ал кейбірі мүлде мектепте оқып жатқан жоқ. 

"Бізге бұған жол беруге болмайды. Балаларымыз міндетті түрде білім алуы керек", – деді министр.

 

"Министрліктің тиісті бұйрығы бар. Біз – зайырлы мемлекетпіз. Мектептер де зайырлы мекемелер. 2016 жылдан бастап қабылданған бұйрық бар, ол өзгермеді және өз күшін жойған жоқ. Әрине, мектеп формасын сақтау керек. Бірақ шындыққа қарап, мәселені жасырмауымыз қажет, - деді Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу