Аймағамбетов мектеп кітапханаларын әдеби оқулықтармен толықтырмақ

975

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.

Аймағамбетов мектеп кітапханаларын әдеби оқулықтармен толықтырмақ

"Біздің бастамаларымыздың бірі – "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы. Осы жобаның шеңберінде біздің барлық мектептегі кітапханалар жаңа форматта жұмыс істей бастайды. Біз барлық кітапхананы әдеби кітаптармен қамтамасыз еткіміз келеді. Әсіресе қазақ тілінде әдеби кітаптарды биылдан бастап мектептерге сатып алып беруді жоспарлап отырмыз", - деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар министр пікірсайыс қозғалысын жаңа сапалы деңгейіне көтеру мәселесі қаралып жатқанын атап өтті. Ол үшін республикалық Лига құрылған.

Айта кетсек бүгінгі Үкімет отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин Балалар игілігінің қазақстандық индексін енгізу бастамасын қолдаған еді. Премьер-министрдің айтуынша, индекс халықаралық талаптарды ескере отырып, барлық өмірлік маңызды салаларын, қауіпсіздік, денсаулық, білім, материалдық игілік, балаларды әлеуметтендіруді қамтуға тиіс. 

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу