Аймағамбетов: Ресейдің дипломын алғандар қам жемесін

1072

Әлем елдері Ресейді санкциямен қыспаққа алып жатқан тұста, сол елдің оқу орындарын тәмамдаған азаматтар диплом жарамсыз болып қала ма деп алаңдап отыр. Бірақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов уайымдауға негіз жоқ дегенді айтады.

Аймағамбетов: Ресейдің дипломын алғандар қам жемесін

"Ресейде оқу оқып, диплом алған адам өте көп. Олар ешқандай да қам жемесін. Өйткені білім алғанын растайтын құжаттарды мойындайтын екіжақты үкіметаралық келісім бар. Біздің елде ол жақтың дипломы мойындалған", – деді Аймағамбетов мәжіліс кулуарында журналистерге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу