Айналымда жүрген 3 миллион теңгеге жуық жалған ақша анықталды

887

Айналымда жүрген 3 миллион теңгеге жуық  жалған ақша анықталды

Жыл басынан бері айналымда жүрген бір мың жалған ақша анықталған. Ұлттық банктің хабарлауынша, елімізде алаяқтар саны бәсеңдегенімен, түбегейлі жойылмай отыр. Есептік жылдың өзінде 2,92 млн теңгені құрайтын 1,14 мың жалған банкнот тәркіленген. Оның 1,12 мыңы қағаз ақша болса, тек 26-сы ғана тиындардан жасалған. Құзырлы мекемелер жүргізген сараптамаға сүйенсек, оңай олжаға құныққандар көп жағдайда 10 мың, 5 мың және 2 мың теңгелік банкнотты жасауға әуес көрінеді. 766 дана болып шығарылған 2 мың теңге айналымдағы жалған қаржының 68,2 пайызын құраса, екінші орынды, 183 дана бастырылған бір мың теңге банкноттары тұр. Ал, ең аз көшірмеге түскен валюталар 200 және 500 теңге. Олар жалған банкноттардың 0,5 пайыз бен 2,5 пайызын ғана құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу