Айрақты тауындағы тазалық дронмен бақыланады

406

Қоршаған ортаға зиян келтіріп, айналаны ластағандар туралы ақпарат арнайы органдарға беріледі.  

Айрақты тауындағы тазалық дронмен бақыланады Фото: instagram/akimdik_janaozen

Маңғыстау облысы Айрақты тауының аумағындағы тазалық дронның көмегімен бақылауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Туристік маусым ашылғалы тау бөктерінде демалушы саны артып келеді. Көбі от жағып, отырған жерінде қоқыс тастап кетеді. Заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында мамандар әуеден мониторинг жүргізуді бастады.

Қоршаған ортаны ластағандарға әкімшілік шара қолданылады. Айрақты, Ақмыш, Самал сынды туристік орындарға қоқыс жәшіктері қойылып, коммуналдық мекеме қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр.   

Дрон әуеге көтерілгенде, сол маңда жүрген көліктердің мемлекеттік нөмірлері анық көрінеді. Адам саны да нақты белгілі болады.

Маңғыстаулықтар осылайша табиғатты аялауға шақырып, мәдениетті туризм қалыптастыруды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу