Айсұлу Ерниязова студенттердің құқығын қорғамақ

673

Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі тағайындалды деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Айсұлу Ерниязова студенттердің құқығын қорғамақ Фото: nur.kz

Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі – студенттік омбудсмен болып Айсұлу Ерниязова тағайындалды. Ол министрлікте студенттердің құқықтарын қорғауға жауапты. Айсұлу әлеуметтік және білім беру салаларында қоғамдық жұмыспен айналысқан.

Айсұлу Ерниязова – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, журналистика магистрі. 2021 жылы "Жобаларды басқару" мамандығы бойынша Экономика және бизнес жоғары мектебінің философия докторы (PhD). Оның әлеуметтік және білім беру салаларында қоғамдық жұмыспен айналысқан тәжірибесі бар.

Сонымен қатар, Айсұлу Ерниязова – AMANAT партиясы республикалық саяси кеңесінің және ұлттық құрылтайдың мүшесі. "Шапағат" және "Халық алғысы" мемлекеттік наградаларының, "Алтын барыс" төсбелгісінің, "Құрмет" орденінің иегері, "Үздік ерікті" номинациясының жеңімпазы, "Жомарт жүрек" сыйлығының лауреаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу