Айыппұл мөлшері қандай сомадан асқанда банк шоты бұғатталады?

1096

Алматыда 106 мыңнан аса адам салық төлемей жүр.

Айыппұл мөлшері қандай сомадан асқанда банк шоты бұғатталады?

2021 жылғы 1 шілдеден Салық кодексіне енгізілген түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, салық берешегінің шегі (6 АЕК немесе 17 502 теңге) белгіленген, бұл сомадан төмен шоттарға 
тыйым салу шарасы қолданылмайды.

"Алматыда жеке тұлғалардың меншікке салынатын салық бойынша берешегінің жалпы сомасы – 5,1 млрд теңге, оның ішінде салық төлемей жүргендер саны – 106 130 адам. Сондай-ақ берешектің ең көп бөлігі жеке тұлғалардың көлігіне салынатын салықтың үлесінде – 4,7 млрд теңге. Жалпы 70 242 адам аталған салықты төлемей жүр. Оның ішінде 41 024 салық төлеушіге берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарылып, оны мәжбүрлеп өндіріп алу үшін іс тиісті органдарға (Әділет департаменті және жеке сот орындаушылары палатасына) жіберілді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар салық берешегіне байланысты сот орындаушылары банк шоттарын бұғаттау, мүліктен айыру, елден шығуды шектеу сынды шешім қабылдауы мүмкін.

Тұрғындар меншік салығы бойынша салық міндеттемесін заңнамада белгіленген мерзімде өтемеген жағдайда өсімпұл есептеледі.

Айта кетейік, жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 сәуірде аяқталған (2020 жыл үшін) еді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу