Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева да өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайырымдылық қорын құрып, оның басшысы болған ерікті Перизат Қайрат 2024 жылы қарашада "ірі көлемде ақша жымқырды" деген күдікпен ұсталған болатын.
Сот отырысында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша айыптауларды мойындамайтынын айтқан.
– Құрметті судья, мен айыптау актісімен келіспеймін. Маған тағылған негізсіз айыптарды мойындамаймын. Кейін барлық дәлел арқылы өзімді қорғаймын, – деді Перизат Қайрат.
Бұған дейін Перизат Қайраттың сотынан тікелей эфир жүргізуге тыйым салынғанын жазсақ, оның алдында полиция Перизат Қайраттың "Мені соққыға жықты" деген сөзін теріске шығарғанын хабарладық.
Еске салайық, Перизат Қайраттың соты ішінара жабық өтетін болды.