Ақ халаттылардың орташа еңбекақысы – 150 мың теңге

599

Жыл басынан бері айлық 18,9% пайыз өскен. 

Ақ халаттылардың орташа еңбекақысы – 150 мың теңге

Ranking.kz 2020 жылдың бірінші тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы қалай өзгергеніне талдау жасапты. Сайттың ақпаратына сенсек, жыл басынан бері аталмыш сала өкілдерінің айлығы орта есеппен 152,4 мың теңгеге жетіп, 24,2% өскен. Жалпы үш айда республика бойынша орташа жалақы 18,9% пайыз өсіп, 200,3 мың теңгені құраған.

"Айлық өскенмен, тұрғындардың шынайы сатып алу қабілеті 12,2% ғана артты. Медицина мен әлеуметтік қызмет саласындағы мамандардың арасында елордалықтар ең жоғары айлық алып отыр. Олардың табысы орта есеппен 208,1 мың теңге. Екінші орындағы алматылық мамандар 167,2 мың, үшінші орындағы атыраулықтар 157,8 мың теңге алады. Ал ең төменгі 134,8 мың теңге айлық түркістандық мамандарға тиесілі. Былтыр олар орташа есеппен 96,8 мың теңге айлық алып келген", – деп жазылған талдауда.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу