Ақ олимпиадаға қатысуға әзірге 23 лицензиямыз бар

798

Ақ олимпиадаға қатысуға әзірге 23 лицензиямыз бар

Бірер айдан кейін басталатын қысқы олимпиадада ел намысын 5 шорт-трек шебері қорғайтын болды, деп хабарлайды 24.kz.

Халықаралық конькишілер одағы әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесін сарапқа салып, лицензия берілетін спортшыларды анықтады. Оның ішінде жерлесіміз Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша бар. Ал қыздар арасында Ким А Йонг және Анастасия Крестова Ақ олимпиадада өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Жалпы Қазақстан спортшылары 10 қашықтық бойынша жолдаманы жеңіп алды. 

Айта кетейік, Пхенчхан қаласындағы байрақты бәсеке 9 ақпанда басталады. Онда 15 спорт түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Қазақстан бұл жарысқа 60-тан астам спортшыны апаруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 3 спорт түрі бойынша 23 лицензиямыз бар. Қалған спортшылар 9 қаңтарға дейін жолдама сарапқа салынатын әлемдік жарыстарға қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу