АҚШ президенті Дональд Трамп 17 шілдеде халыққа үндеу жариялайтынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Президент Трамп бейсенбі күні кешкі сағат 21:00-де шығыс уақытымен халыққа үндеу жариялайды. Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет!" – деп жазды ол Truth Social желісінде.
Трамп үндеудің тақырыбын ашып айтпады. Алайда бұл мәлімдеме ол АҚШ-тың Иранға қарсы әскери-теңіз блокадасын қайта бастайтыны және Вашингтонның Ормуз бұғазы арқылы транзитпен өтетін кемелер үшін 20 пайыздық баж салығын енгізетіні туралы хабарлағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін әрбір жүкке "теңіз салығын" енгізетінін айтқан еді.