Ақ үй басшысы Дональд Трамп Таяу Шығысқа аттанды

300

Бұл жолғы сапардың мақсаты – Газадағы ахуалды талқылауға арналған бейбітшілік саммитіне қатысу.  

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Таяу Шығысқа аттанды Фото: www.thehindu.com

Ақ үй басшысы ұшаққа мінер алдында журналистерге берген сұхбатында бұл сапардың маңыздылығын атап өтіп, алдағы кездесуден нақты нәтиже күтетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Саммит Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өтеді. Жиынға 20-дан астам мемлекеттің басшылары қатыспақ.

Кездесудің негізгі мақсаты – Газа секторындағы атысты тоқтату және гуманитарлық көмек көрсету.

Трамптың айтуынша, Вашингтон ұзақ мерзімді бейбіт келісімге қол жеткізу үдерісінде делдалдық рөл атқаруға дайын. Бұған дейін 9 қазанда Мысырда Израиль мен ХАМАС өкілдері атысты тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісімге келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу