Ақ Үй өкілі Дэвид Хейл іссапармен Қазақстанға келеді

807

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл 20-23 тамызда Қазақстан мен Өзбекстанға іссапармен келеді. 

Ақ Үй өкілі Дэвид Хейл іссапармен Қазақстанға келеді

Дэвид Хейл 20-21 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында Құрама Штаттар мен Қазақстанның стратегиялық серіктестігін талқыламақ. Бұл туралы Вашингтонның мемлекеттік департаменті хабарлады. 

Сондай-ақ Дэвид Хейл мен Орталық Азиядағы бес мемлекеттің сыртқы істер министрлері C5+1 форматында кездесу өткізіп, аймақтың өркендеуін қамтамасыз ету жайы мен қауіпсіздігін сөз етеді. 

Содан кейін Хейл Ташкентке аттанып, онда Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевпен бас қоспақ. Кездесуде олар қос тараптың қарым-қатынасын нығайту мен қауіпсіздік және сауда байланысын кеңейту мәселелерін талқылайды.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу