Ақ үй Сәуле Омарованы валютаны бақылау жөніндегі басқарманың төрағасы қызметіне ұсынды.

871

Қазақстан тумасы осы қызметке тағайындалған алғашқы әйел болмақ.  

Ақ үй Сәуле Омарованы валютаны бақылау жөніндегі басқарманың төрағасы қызметіне ұсынды.

Ақ үй Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы қаржы министрлігіндегі жоғары лауазымға, яғни валютаны бақылау жөніндегі басқарманың төрағасы қызметіне ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақ үйдің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Омарова бұған дейін криптовалютаны сынға алып, үкіметтің банк саласындағы рөлі басымырақ болуы керек деген ұстанымын білдірген еді. Қазақстан тумасы осы қызметке тағайындалған алғашқы әйел болмақ.  

Сәуле Омарова 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1993 жылы Джорджтаун университетіне оқуға түсіп, бес жылдан кейін АҚШ президентінің протокол жөніндегі департаментіне қызметке орналасты. 2014 жылы департамент басшының орынбасары болып тағайындалды. Ол 2014 жылдан бері Корнелл университетінің заң факультетінің профессоры. 2006 жылдан 2007 жылға дейін АҚШ-тың қаржы министрлігінің реттеу саясаты жөніндегі арнайы кеңесшісі болып жұмыс істеген еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: senate.gov

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу