Ақ үйде Украинаға қатысты келіспеушіліктер туындады

762

Бұл туралы The New York Times газеті дереккөздерге сілтеме жасап жазады.  

Ақ үйде Украинаға қатысты келіспеушіліктер туындады Фото: worldnationnews.com

Ресей әскерлерінің Херсоннан кетуі аясында АҚШ үкіметінде одан әрі тактикаға қатысты келіспеушіліктер туындады. АҚШ Қарулы күштерінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы генерал Марк Милли дипломатияға шақырады, ал президент Джо Байденнің кеңесшілері және оның өзі келіссөздер туралы айтуға әлі ерте деп санайды.

Бірнеше кездесулерде Милли Киевтің қыс келгенге дейін қолынан келгенінің барлығын жасады, енді қақтығыс кезінде күрт өзгеріс бола қоймайтынын алға тартып, қазір келіссөздер жүргізуге ең ыңғайлы уақыт екеніне сендірді. Генерал Украина мен оның батыс одақтастары мәселені "саяси жағынан шешуі" тиіс дейді, себебі жақын арада әскери шешім қол жетімсіз болуы мүмкін.

Алайда, Миллидің пікірін Байден де, оның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан да құптамай отыр. Олар қазір бәсеңсуге болмайды деп санайды, себебі Ресей әскери күштеріне қайта топтасуға мүмкіндік туындауы мүмкін. Жанжал ақыр соңында келіссөздермен аяқталатыны белгіді, бірақ әзірге асықпаған дұрыс көрінеді.

Салливанның айтуынша, Киев өзінің дипломатиялық бағытын өзі анықтауы керек. АҚШ өз міндеті ретінде Украина басшылығының келіссөздер үстелінде ең жақсы позицияға ие болуы деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу