"Ақ жол" партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

645

Съезде жасырын дауыс беру арқылы Тоқаевтың кандидатурасын қолдағандар басым түсті деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ақ жол" партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Астанада Партияның кезектен тыс ХІХ съезінде президент сайлауына қатысуға жетісулық журналист Сандуғаш Дүйсенова, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және "Ақ жол" ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Асқар Садықов ниет білдірген еді.

Бұдан өзге партияның кей мүшелері қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да кандидатурасын қолдауды ұсынғанын партия төрағасы Азат Перуашев айтқан болатын

Жасырын дауыс беру үшін 126 бюллетень қолданылып, журналист Сандуғаш Дүйсенова 11 дауыс (6 пайыз), депутат Серік Ерубаев 23 дауыс (19 пайыз) иеленді. Партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов 17 дауыс (13,7 пайыз) жинады. Ал, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты 74 адам қолдап жасырын дауыс берген. Бұл - 64,1 пайыз.

"Қазір біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық жағдай болсын, ішкі саясаты, сыртқы саясаты болсын, тар жол, тайғақ кешуден өтіп жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағына келсек, соңғы кездері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған шешімдерге түрлі пікір айтылса да, олардың көпшілігі нарықтық экономикаға арналған, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуға, жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған. Яғни бұл ұсыныстар негізінен "Ақ жол" партиясының көзқарасына жақын", - деді Азат Перуашев партия құрылтайынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу