"Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев дауыс берді

564

Ол бас шаһардағы №122 сайлау учаскесінде дауыс берді.  

"Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев дауыс берді Фото: zakon.kz

"Сайлаудан Әділетті Қазақстанды күтеміз. Менің ойымша, 20 жыл бойы мұндай ашық әрі ауқымды сайлау науқаны болмаған шығар. Егер біздің қоғам мен мемлекет бұл қарқынды бәсеңдетпей, ашық диалогты жалғастыра берсе, онда шынымен де біздің өміріміз жақсарады, Сонымен қатар бұл қадамдар әділдікке бағытталған өзгерістердің басы болмақ", - деп мәлімдеді Азат Перуашев.

Айта кетейік, бұған дейін ЖСДП, "Байтақ" және "Ауыл" партияларының көшбасшылары сайлауда дауыс бергенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу