Ақан Сатаев Атыраудан жас таланттарды іздейді

1037

Ақан Сатаев Атыраудан жас таланттарды іздейді

Атырауда 23-24 тамызда белгілі режиссер Ақан Сатаевтың жаңа екі туындысына  Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясында кастинг өтеді, деп хабарлайды atr.kz.

Бұл Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ мен "Сатайфильм" ЖШС бірлесіп, "Путь Лидера, Астана" және "Томирис" атты фильмдерге актерлерді іздестіру мақсатында ұйымдастырылып отыр,

Ұйымдастырушылар іріктеуге жасы 16-дан асқан жастарды шақырады. Өзіңіз туралы толық мәліметті casting_satai@mail.ru поштасына фотосуретпен бірге жібересіз. Бір ескерерлігі, алдыңғы кезекте театр және кино актерлері қабылданады екен. Сонымен қоса, кастингке қатысушы қыздар опа-далапсыз келуі қажет екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу