"Әкесін өлімші етіп сабаған": Түркістандағы оқиға әлі тергеліп жатыр

540

Ер адам мен оның әйеліне қатысты іс қозғалған.  

"Әкесін өлімші етіп сабаған": Түркістандағы оқиға әлі тергеліп жатыр Фото: бейнежазбадан

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Күдікті азамат қамауға алынды. Сонымен қатар келінге қатысты да қылмыстық іс тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Балалары туыстарының қарауында", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, тергеу барысы бақылауға алынды. Іс тергеліп біткен соң сотқа жіберіледі.

Айта кету керек, бұған дейін Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу