Әкімдердің қолында нақты құзырет те, жеткілікті қаржы да жоқ – депутат

169

Халық қалаулысы мүлік салығы мен экологиялық айыппұлдар ауылдардың өзінде қалуы тиіс деген пікірде.

Әкімдердің қолында нақты құзырет те, жеткілікті қаржы да жоқ – депутат Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай бүгінде ауылдардың өзін-өзі қаржыландыруы небәрі 30% шамасында екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауылдағы ағайын қандай да бір мәселе туындаса, әкімге барады. Расында да, әкімдерге жаның ашиды. Шындыққа тура қарайық, әкімдердің қолында нақты құзырет те, жеткілікті қаржы да жоқ. Шалғай өңірлерге барғанда да ең көп көтерілген мәселелердің бірі осы болатын. Қазіргі таңда ауылдардың өзін-өзі қаржыландыруы 30%-дың айналасында ғана", – деп атап өтті мәжілісмен.

Мақсат Толықбайдың айтуынша, бұл ауылдардың дербес дамуына мүмкіндік жоқ деген сөз. 

"Сондықтан мүлік салығынан бастап, экологиялық айыппұлдар, санитарлық, экологиялық нормаларды бұзған кәсіпорындардан түсетін төлемдер сол ауылдардың өзінде қалуы тиіс. Өйткені экологиялық зардапты ең алдымен сол жерде тұратын халық тартады. Ендеше қаржы да сол жердің мәселесін шешуге жұмсалуы әділетті шешім", – деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу