Әкімдік Астана тұрғындары мен кәсіпкерлерге маңызды үндеу жасады

166

Астанада маса мен шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыс жүріп жатыр.

Әкімдік Астана тұрғындары мен кәсіпкерлерге маңызды үндеу жасады Фото: Астана әкімдігі

Маусым бойы іс-шаралар сағат 21.00-ден тағы 04.00-ге дейін өткізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн жылынған уақыттан бастап Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы су айдындары мен сулы-батпақты жерлерде масалардың дернәсілдік формасының болуына тексеру жүргізеді, іс-шаралар ғылыми сүйемелдеу арқылы өткізіледі.

"Ғылыми сүйемелдеудің мақсаты – масалардың дернәсілдік формасының дамуының кезеңдерін анықтай отырып, барлық уақытша және тұрақты су айдындарын зерттеу, олардың орындарын белсенді іздеу, сондай-ақ су айдындарынан жаппай ұшып кетуді болдырмау үшін дезинсекциялық өңдеулерді жүргізу уақытын анықтау. Бұл өз кезегінде олардың дамуының ерте сатысында күресуге мүмкіндік береді", – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу