banner

Әкімдік шаруашылыққа берілген жер телімін қайтарып алмақ

968

Павлодар облысы Ақсу қаласындағы сүт фермасын жергілікті әкім сотқа бергені туралы ақпарат таралған болатын. Осыған байланысты аталған шаруашылық құрылтайшылары бүгін елордада журналистерді жинап, түсініктеме берді, деп хабарлайды Atameken Business.

Әкімдік шаруашылыққа берілген жер телімін қайтарып алмақ

Кәсіпкерлер, моноқала әкімі бизнесімізге кедергі келтіріп жатыр, деп шағымданады. Өйткені, Ақсу шаһарының қазіргі басшысы 2018 жылы шаруашылыққа берілген жер телімін қайтарып алмақ. Ал жергілікті билік кәсіпкер алған жерді мақсатты пайдаланбай отырғанын айтады. Сонымен қатар, прокуратура сүт фермасының санитарлық талаптарды өрескел бұзғанын анықтаған.

Атап өтерлігі, үш жыл бұрын "Крон-Агро" серіктестігі автобаза саламыз деп, қала іргесінен жер телімін алады. Алайда, нысаналы мақсаттарын өзгертіп ол жерге сүт фермасын ашқан. Сол кезде жер комиссиясының қарсы шешіміне қарамастан, бұрынғы әкім жер телімін беру туралы қаулы шығарып жіберген. Биліктен қысым көрдік деген кәсіпкерлер құжатымыздың бәрі заңды дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу