Әкімдіктер құны 175 млрд теңгеге тең облигацияларды сатылымға шығарды

718

KASE-де саудаланған құнды қағаздың бір номиналы 1 мың теңгеге бағаланған. Жылдық мөлшері 4,25 пайызға тең борыштық қағаздар 22 айға берілген.

Әкімдіктер құны 175 млрд теңгеге тең облигацияларды сатылымға шығарды Фото: Максим Морозов

Елдегі облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдіктері құны 175 млрд теңгеге тең облигацияларды сатылымға шығарды, деп хабарлайды Atameken Business. 

KASE-де саудаланған құнды қағаздың бір номиналы 1 мың теңгеге бағаланған. Жылдық мөлшері 4,25 пайызға тең борыштық қағаздар 22 айға берілген.

Ең көп қаржы Алматыға тартылды. Жергілікті билік биржаға 50 млрд теңгелік облигация салған. Елорда әкімдігі шамамен 40 млрд теңге ұсынса, Шымкент пен Түркістан облысы 15 млрд-қа тең бағалы қағаздарды саудалаған. Оның барлығын "Бәйтерек холдингі" сатып алды.

Бұл Президенттің тапсырмасы бойынша, елдегі құрылыс саласын қолдап, халықты жұмыспен қамту үшін іске асырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу