Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов туристік аймақтардағы абаттандыруға қатысты мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Кей жерлерде абаттандыруға қатысты ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер де бар, дәретханалар мен қоқыс контейнерлерінің болмауы да осыған жатады. Жағажай аймақтары көбінесе жабдықталмаған және аймақтарға бөлінбеген, мұндай жағдай барлық өңірге қатысты болып тұр. Өңірлер бұл мәселенің шешілгені және жалпы саны 60 санитарлық-гигиеналық тораптың орнатылғаны туралы есеп берді", – деді министр.
Оның сөзінше, қайта тексерген кезде олардың көбі жабық болды және желілерге қосылмаған екен.
Айта кету керек, бұған дейін Бектенов "Kazakh Tourism" жаңа басшысына талап қойғанын жазғанбыз.