Әкімдіктердің жұмысын жандандыру қажет – Асқар Мамин

700

"Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Пандемияға қарамастан жобалардың саны 900-ден 2600-ге жетіп, құны 216 млрд теңгеден 700 млрд теңгеге өсті. Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин осылай деді. 

Әкімдіктердің жұмысын жандандыру қажет – Асқар Мамин Фото: aipsmedia.com

Ол импортты алмастыруға және халық тұтынатын тауарлар мен қызметтердің өндірісін дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берген бағдарламаға реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесін көбейту міндеті жүктелгенін еске салды. 

"Отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша тиімді шаралар әзірленді. Нәтижесінде жергілікті қамту үлесі өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, 1,5 мыңнан астам отандық кәсіпорынды қолдауға жағдай жасады. Бұл жалпы өнеркәсіпті дамытуды қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын құруға алғышарт болды. Өнім сатып алуда жергілікті қамтудың ерекше өсу қарқыны байқалды. Атап айтқанда: жеңіл өнеркәсіп – 38%-дан 68%-ға, жиһаз өнеркәсібі – 39%-дан 71%-ға, тамақ өнеркәсібі – 41%-дан 74%-ға, құрылыс материалдары – 34%-дан 71%-ға дейін артты", – дейді премьер-министр. 

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын жүзеге асыру барысында Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері түрлі кемшіліктерге жол берген. Ал 
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстары міндеттерін мінсіз атқарған.  

"Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында кейбір салалар бойынша жергілікті қамту үлесі 24%-43% аралығын ғана қамтиды. Аты аталған облыстардағы әкімдіктердің жұмысын жандандыру қажет", – деді үкімет басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу