Әкімдіктерге жаңа өкілеттіктер беріледі

325

Депутаттар тиісті құжатты қабылдады. 

Әкімдіктерге жаңа өкілеттіктер беріледі Фото: freepik

Мәжіліс туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Түзетулер ішкі туризмді дамытуға, туристік саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңға уәкілетті органның:

 – Ел ішінде кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау үшін туристік өнімге кіретін билет бағасын субсидиялауға құқылы туристік өнімге;

 – келу туризмі саласындағы туристік операторлардың шығындарын субсидиялау мөлшеріне;

– туристерді орналастыру орындарын, визит-орталықтарды салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге қойылатын талаптарын анықтау құзыреттерін нақтылауға бағытталған түзетулер енгізіледі.

Мәжіліс таратқан ақпаратқа сүйенсек, әкімдіктерге мемлекеттік қолдау арқылы құрылған немесе жаңғыртылған туристік инфрақұрылым нысандарын кәсіпкерлердің иеліктен шығарылмауын, оның мақсатты пайдаланылуын бақылау сынды жаңа өкілеттіктер беріледі. Оған туристік орындар, визит-орталықтары, тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету нысандары кіреді.

Әкімдіктерге басым туристік аймақтардың шекараларын анықтау бойынша жаңа өкілеттіктер беру оларға аймақтық ерекшеліктерді, туристік әлеуетті және осы аймақтардың инфрақұрылымдық дайындығын ескеруге мүмкіндік береді. Бұл жергілікті деңгейде туризмді кешенді әрі теңгерімді түрде дамытуды қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу