Әкімшілік және тұрғын ғимараттарды жарыққа қосты - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

966

"Бәйтерек" монументін, "Изумрудный квартал" бизнес орталығын, "Керуен" , Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Әкімшілік және тұрғын ғимараттарды жарыққа қосты - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Барлық 9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай – ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот - электрмен жабдықталды. Сонымен қатар 9 көппәтерлі тұрғын үйдің 9-ы жарықпен қамтылды : "Уют" , "Краун Плаза", "Тұмар" (2 үй), "Арт Хаус" , "Вива плаза" , "Алатау", "На водно-зеленом бульваре".

"Бәйтерек" монументін, "Изумрудный квартал" бизнес орталығын, "Керуен" , Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кәбілдік желілерді 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен  6 арнайы техника қалпына келтірді. Ғимараттарды электрмен жабдықтау өрт сөндіру бригадаларына рұқсат беру кезінде электр тоғымен зақымданудан қауіпсіздік мақсатында ажыратылды.

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орнына елорда әкімі Алтай Көлгінов шықты. Қала әкімі апат себебін анықтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу