Аққаламен алысқан азамат ұсталды

676

Ол қаладағы жоғарғы оқу орындардың бірінде білім алатын 20 жастағы студент болып шықты. 

Аққаламен алысқан азамат ұсталды

Елордада Ботаникалық бақта тұрғызылған аққалаларға "шабуыл жасаған" азамат ұсталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Ол қаладағы жоғарғы оқу орындардың бірінде білім алатын 20 жастағы студент болып шықты. Енді жас жігіт өз әрекеті үшін жауап береді. Оған ұсақ бұзақылығы үшін хаттама толтырылды.

Студент халық алдында кешірім сұрап, видеоүндеу жолдаған. Ол өзі құлатқан "қарлы әскерді" қайта тұрғызатынын айтып отыр.

Еске сала кетсек, күні кеше бұзақы тұрғынның видеосы желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Онда жас жігіт қолмен соғылған аққалалардың тас-талқанын шығарғанын анық көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу