Ақкөл қаласында фин брендінің туристік үйлері пайда болуы мүмкін

65

“TӦR`RE” компаниясы Аққол қаласындағы жобаны дамытуға ниет білдіріп отыр. 

Ақкөл қаласында фин брендінің туристік үйлері пайда болуы мүмкін Фото: Kazakh Tourism

Астанадағы "Қазақстан–Финляндия" бизнес форумы аясында отандық “TӦR`RE” компаниясы танымал фин брендіне айналған және ағаш үй құрылысы мен экологиялық таза үйлер шешімдеріне маманданған “Honka” компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат экологиялық технологияларды енгізуге, жайлы туристік инфрақұрылымды дамытуға және табиғи ортаны сақтауға бағытталған.

“TӦR`RE” компаниясы Аққол қаласындағы жобаны дамытуға ниет білдіріп отыр. Бұған дейін 4,5 млрд теңге инвестиция салынып, Wyndham Residences Aqkol қонақ үйі салынды. Енді компания 50-ден астам туристік үйдің іргетасын қалауды жоспарланып отыр.

"Біз тұрақты даму стандарттарын ұстанамыз. Әр түрлі елдің үй құрылысы технологияларына талдап, экологиялық таза, технологиялық және сапа талаптарына сәйкес келетін шешімдерді таңдаймыз. Биылғы наурыздан бастап финдік “Honka” компаниясымен келіссөздер жүргізіп келеміз. Бұл брендтің ағаш материалдары әлемдегі ең үздіктердің бірі болып есептеледі. Біз осы технологияларды Қазақстанда қолдану мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", – деп атап өтті “TӦR`RE” компаниясының басқарма төрағасы Тимур Қожабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу