Ақмәди Сарбасов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болды

555

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақмәди Сарбасов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болды

Ақмәди Сарбасов 1977 жылы 4 қазанда дүниеге келген.

Білімі:

1999 ж. – Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "саясаттану" мамандығы бойынша бітірген.

2001 ж. – Еуразия гуманитарлық университетін "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2013 ж. – Орталық Қазақстандық академиясын "менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

2011 ж. - ITC (ILO) халықаралық еңбек ұйымының халықаралық оқу орталығында тренинг-оқытудапн өткен.

Назарбаев Университетінің жоғарғы мемлекеттік саясат мектебі.

2013 ж. - Ли Куан Ю (Сингапур) мемлекеттік саясат мектебі .

Еңбек жолы:

1999-2005 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде маманы, жетекші маманы, бас маманы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінің нормативтік құқықтық актілерді талдау, бақылау бөлімінің басшысы.

2005-2013 жж. - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде еңбек заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік бақылау және халықты жұмыспен қамту департаментінің директорының орынбасары, заң департаментінің, еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің директоры, көші-қон комитет төрағасы.

2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы 

2014-2017 жж. - Қазақстан Республикасы денсаулық сақту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы.

2017 жылдың қаңтарынан – 2019 жылдың мамыры - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2019 жылдың 2 мамырынан – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу