Ақмарал Әлназарова ұшақта болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

271

Министр дәрігер ретінде өз парызын орындағанын айтты.

Ақмарал Әлназарова ұшақта болған оқиғаға қатысты пікір білдірді Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жақында ұшақта болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұған дейін Ақмарал Әлназарова ұшақта есінен танып қалған қызға көмек қолын созғанын жазғанбыз. Кейбір желі қолданушылары министрдің әрекетін мақтаса, ал енді бірі бұл оқиғаға күмәнмен қараған болатын. 

"Өкінішке қарай, күмән болып жатыр. Бұл көмек көрсеткен бірінші жағдай емес. Бірінші рет біреу әлеуметтік желіге салып жіберген. (Жолаушының) қан қысымы болған және құсып жатқан. Сол жерде "дәрігер бар ма" деген уақытта орнымнан тұрып, көмек көрсеттім. Кез келген дәрігер, медицина қызметкерлері менің орнымда болса, көмек көрсетеді деген ойдамын. Сол себепті айтарлықтай сұрақ туатындай жағдайды көріп тұрған жоқпын", – деді ведомство басшысы Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, әр адамның өз пікірі бар. Министр дәрігер ретінде өз парызын орындағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу