Ақмола облысы шаруаларының егін жинау науқанына дайындығы қалай

684

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.

Ақмола облысы шаруаларының егін жинау науқанына дайындығы қалай

Вице-министр бірінші кезекте еліміздің солтүстік өңірлерінің егін жинау науқаны қарсаңындағы егістіктердің жай-күйімен және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажетті техникасымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Ақмола облысындағы егіс алқабы шамамен 5,1 млн га, бұл 2021 жылғы деңгейден 282,9 мың га артық.

Оның көп бөлігін бидай, арпа және сұлы сияқты дәнді және бұршақты дақылдар алып жатыр. Картоп пен жемшөп дақылдарының алқаптары да көбейді.

Ақмола облысына шілде мен қазан аралығына егін жинау жұмыстарын жүргізуге 83 мың тонна дизель отыны бөлінген. Жеткізу, сақтау және сату бойынша операторлардың шығыстарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға литріне 218 теңгені құрайды, бұл өңірлердегі АЖҚС құнымен салыстырғанда 15-17%-ға арзан.

Өңірге сапар соңында Әбілхайыр Тамабек ауыл шаруашылығы техникасын құрастырумен айналысатын Қазақстандық агро-инновациялық корпорациясына барды. Машина жасау кәсіпорны 2022 жылғы 5 тамызда басталған жеңілдікті лизинг бағдарламасына қатысушы фермерлер үшін ауыл шаруашылығы техникасын жеткізетін болады. Бүгінгі таңда "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға бағдарламаға қатысуға еліміздің 8 өңірінен ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 37 өтінім келіп түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу