Ақмола облысына павлодарлықтар 20 тоннадан астам азық-түлік жіберді

871

Ақмола облысына павлодарлықтар 20 тоннадан астам азық-түлік жіберді

ҚМДБ-ның Павлодар облысындағы өкілдігі табиғи апаттан зардап шеккен Ақмола облысының тұрғындарына 20 тоннадан астам азық-түлік жөнелтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, мамыр айы басталысымен өңірдегі қала, аудан, ауыл мешіттері қолдау көрсету шараларын ұйымдастыра бастаған. Мешіт жамағаттары, демеушілер арқылы жиналған азық-түлік (ұн, күріш, қант, макарон, сұйық май сияқты бұзылмайтын өнімдер) облыстық орталық Мәшһүр Жүсіп мешітінің ауласына арнайы қойылған жүк көлігі арқылы Ақмола облысының Атбасар ауданына жеткізілген.

"Еліміздің біраз өңірлерінде күннің жылуымен қардың еруі салдарынан өзен сулары тасып, тұрғындардың зардап шеккені белгілі. Айтып келмейтін табиғи апаттың зардабын шегіп, қиындыққа кез болған ағайындарымызды қолдап, көп болып көтеріп, демеу көрсету –мұсылмандық міндетіміз әрі қазақы салтымыз. Көршісі аш отырып, түтін түтетпеген халықпыз. Алла Тағала ел мен жердің амандығын, тыныштығын нәсіп еткей", – дейді өкіл имам Нариман Исенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу