Ақмола облысынан Сенат депутаттығына 5 үміткер тіркелді

417

Олар - өзін-өзі ұсынғандар.  

Ақмола облысынан Сенат депутаттығына 5 үміткер тіркелді Фото: parlam.kz

Кандидаттарды тіркеу 14 желтоқсанға дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz.

Одан кейін барлық үміткерлер жайлы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сенат депутаттығына кандидат 30-ға толған, соңғы 10 жылда ел аумағында, ал сайлауға түсіп жатқан облыста 3 жыл тұрған болуы керек. Жоғары білімі мен еңбек өтілі де қаралады.

Сенат депутатын жергілікті мәслихат депутаттары таңдайды. Ақмола облысында 237 сайлаушы бар. Олардың барлығы Көкшетауда бір жерде дауыс береді.

"Біреуі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты. Екіншісі - аудан әкімі. Үшіншісі - біздің облыс мәслихатының депутаты. Төртіншісі - мұғалім, ол кісі де ұсынып жатыр өзін, сосын мәдениет басқармасының бастығы. Енді 5 адам. Бесеуін де заң талаптарына тексердік. Бесеуі де лайық деп есептейміз. Енді қайсысын таңдайды ол депутаттардың құзырында", - дейді Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу